«Өнегелі өмір» жобасы аясында ұлағатты ұстаз, әмбебап әдіскер, әлихантанушы Тілеуғалы Әміртайұлына арналған дөңгелек үстел отырысы
11-02-2021 12:36
«Өнегелі өмір» жобасы аясында ұлағатты ұстаз, әмбебап әдіскер, әлихантанушы Тілеуғалы Әміртайұлына арналған дөңгелек үстел отырысы

2021 жылдың 10 ақпанында қашықтықтан «Шәкіртке ұстаз болу – ірілік, ұстазға ұстаз болу ұлылық» атты ұлағатты ұстаз Тілеуғалы Әміртайұлының өнегелі өмір жолына арналған дөңгелек үстел өтті.

Тағылымы мол іс-шараны Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Қожахметова Гүлсім Шабданқызы бастап жүргізіп, ардагер ұстаздың өнегелі де өркенді өмір жолына тоқталып, жалғастырып жүргізуді Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Абдикерова Бакиткул Химальдиновнаға тапсырды. 

Дөңгелек үстел отырысына елге белгілі тұлғалар, білім бөлімдерінің басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері, мамандандырылған мектеп-интернат директорлары, Әлихан Бөкейхан атындағы мектептердің директорлары және мұғалімдер қауымы қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы; Қарағанды облыстық білім басқармасы жанындағы Білімді дамыту қоғамдық кеңесінің төрайымы, педагогика саласының еңбек ардагері Жошина Маулида Киргизбаевна; техника ғылымдарының кандидаты, профессор, педагогика саласының еңбек ардагері Қонтаев Сабит Сейітұлы; Қарағанды қаласының «Ә. Бөкейханов атындағы №76 ЖББОМ» КММ директоры Күзембаев Мартбек Кайырбекұлы; Нұр-Сұлтан қаласының «№86 мектеп-гимназиясы» КММ директоры Сыздықова Базаркүл Сағындыққызы; «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы Мұсабеков Ерсін Кәрібайұлы; «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Куанышбаев Айдос Каргулулы; «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Қарағанды облыстық филиалының аға оқытушысы Смағұлова Ғазиза Ғабдоллақызы; Алматы облыстық Түрік компаниясының директоры Жакешова Айнұр Орынбекқызы; өлкетанушы, Мұқан Тұңғышбай Өміртайұлы қызмет жолында жарты ғасырдан аса еңбек сіңіріп, талай шәкіртті қанаттандырған ұстаз Тілеуғалы Әміртайұлының игілікті істері жайлы ойларын айтты.