Тілдік емес мамандықтар студенттері үшін викториналық конкурсы
11-02-2021 18:58
Тілдік емес мамандықтар студенттері үшін викториналық конкурсы

2021 жылдың 11 ақпанында  «Қарағанды шетел тілдері колледжі» ЖММ базасында шетел тілдер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде тілдік емес мамандықтар студенттері арасында «English Today, English forever» викториналық конкурсы өтті. 

Конкурс онлайн форматта «Zoom» платформасында өткізілді.

Конкурс мақсаты студенттердің коммуникативтік және тілдік біліктері мен дағдыларын дамыту және жетілдіру, ағылшын тілі және оқытылатын тіл елінің мәдениеті саласындағы бар білімдерін бекіту болды.

Конкурсқа 41 студент қатысты. 

Конкурс 3 кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде қатысушылар Ұлыбритания елтануы бойынша сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде quizizz.com. платформасында ағылшын тілі лексикасы бойынша сайысты. Үшінші кезеңде студенттер өздеріне үй жұмысы ретінде берілген  «English today, English forever» тақырыбында алдын-ала дайындалған видеороликтерін көрсетті.

Конкурс нәтижесі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Ибраимова Сымбат, Теміртау жоғары политехникалық колледжі студенті. Жетекшісі: Қауанова А.М.;

2 орын - Мурзахметова Юлиана, Көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжінің студенті. Жетекшісі: Сыздыкова А.М.;

3 орын - Бакен Мейир, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі студенті. Жетекшісі: Қасымова А.Б., Казкенова Б.М.

Жеңімпаздар 1,2 және 3 дәрежелі дипломдармен, ал олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.  Конкурстың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.