Қарағанды облысының білім басқармасы, оқу-әдістемелік орталығы,Балқаш қаласының білім бөлімі бірлесе отырып 2021 жылдың 12 ақпаны күні қашықтықтан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдарында тәжірибе тарату семинарын ұйымдастырып өткізді.
Семинарда «Өзін-өзі тану» пәні аясында инновациялық жобалар мен әдістемелерді іске асыру бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті:И.В.Фролова, директор, «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Е.А.Садикова, әдіскер, «Таңшолпан» балабақшасы» КМҚК; Н.А.Велигжанина, тәрбиеші, «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК; П.П Басаева,тәрбиеші, «Таңшолпан» бөбекжайы» КМҚК; Е.С.Сейфулла, тәрбиеші, «Бөбек» бөбекжайы» КМҚК; С.В.Николаева, директор орынбасары, «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Б.М.Тусипбеков, география мұғалімі, «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ; С.А.Харламова, директор орынбасары, «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Б.Д.Сатбекова, химия мұғалімі, «№ 7 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Г.Ж. Балабатырова, биология мұғалімі, «№7 жалпы білім беретін мектебі» КММ; А.В. Варкулевич, дене шынықтыру мұғалімі, «Таңшолпан» балабақшасы» КМҚК; Ж.С.Садуакасова, «Қазахмыс корпорациясының политехникалық» пелагог-психологы өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі; Р.Б Жанасылова, директордың орынбасары, «№4 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Қарағанды облысының 400-ден астам педагогі қамтылды.