Размер шрифта:
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2015 жылдың 9 қазанында «Қарағанды облысында дуалды оқыту жүйесін енгізу негізіндегі – эксперименттік қызмет» тақырыбында, әлеуметтік серіктестермен бірлесіп жұмыс жасайтын, эксперимент
09-10-2015 11:44

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2015 жылдың 9 қазанында «Қарағанды облысында дуалды оқыту жүйесін енгізу негізіндегі – эксперименттік қызмет» тақырыбында, әлеуметтік серіктестермен бірлесіп жұмыс жасайтын,   эксперименттік жұмысқа жауапты директордың орынбасарларының қатысуымен семинар - жиналыс өтті.

Семинарды алғысөзбен Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Асакаева Дана Саламатовна ашты.

Саминар барысында дуалды оқыту жүйесін енгізудің қазіргі жағдайы және болашағы, әзірленген эксперименттік бағдарламалар мен эксперименттік білім беру бағдарламаларының сараптамасы, рефлексивтік есеп жасауға дайындық төңірегіндегі сұрақтар талқыланды.

Іс –шараның тақырыбына сәйкес, жоба жетекшісі Қонтаев Сәбит Сейітұлы мен Нартова Татьяна Георгиевна кеңінен баяндады.

                Тәжірибе алмасу мақсатында, Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжінің жұмысы ұсынылды. Жұмыс  тәжірибесін колледж директоры Черномаз Татьяна Ивановна баяндап, сапа бойынша колледж менеджері  Гурова Татьяна Ивановна  эксперименттік білім беру бағдарламасын ұсынды.