2021 жылдың 15 ақпанында әдіскерлер ОӘБ жұмысының шеңберінде «Әдістемелік өнімдерді құрастыруды ұйымдастыру» (колледждердің жұмысының тәжірибесі негізінде) онлайн семинар-практикумы өтті.
Семинарға облыс колледждерінің 68 әдіскері мен директорлардың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинар-практикумда облыс колледждерінің келесі педагогтары өз тәжиребелерімен бөлісті:
1. Абдикаримова Сагыныш Жанарысовна, Қарағанды техникалық университеті инновациялық технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, «Колледж педагогтерінің оқу құралдарын құрастыруы мен шығаруы» тақырыбында;
2. Лопатина Наталья Борисовна, «Қарағанды коммерциялық колледжі» ЖММ әдіскері, «Электронды оқу құралдарын құрастыруды ұйымдастыру» тақырыбында;
3. Тоқмамбет Айнұр Серікқызы, «Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжі» ЖММ арнайы пәндер оқытушысы, «Оқу-әдістемелік өнімді әзірлеу - педагогтің кәсіби дамуының және студентті әдістемелік қамтамасыз етудің кепілі» тақырыбында ;
4. Спасибенко Ольга Николаевна, «Мирас » Теміртау көпсалалы колледжі» ЖММ әдіскері, «0105000 – «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша «Мектептегі сынақ практикасы» кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында.
Семинар соңында әдіскерлердің ОӘБ төрайымы Кашина Елена Александровна «Сұрақ – жауап» рефлексиясын өткізген кезде семинар қатысушылары өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты.
Рефлексия барысында ҚО ББД ОӘО ТжКББ бөлімінің меңгерушісі колледж әдіскерлерін қызықтырған және ұйымдастырушылық сұрақтарына жауап берді.