2021 жылдың 15 ақпанында ZOOM платформасында ТжКББ ұйымдары директорларының кадрлық резервіне арналған оқыту курсының бірінші күні өтті.
![2021 жылдың 15 ақпанында ZOOM платформасында ТжКББ ұйымдары директорларының кадрлық резервіне арналған оқыту курсының бірінші күні өтті.](/media/img/blogs/602b47b1f09b7.jpg)
Оқуға колледж директорларының 65 орынбасары қатысты.
Бекітілген жоспарға сәйкес тыңдаушыларға менеджментке қатысты келесі тақырыптар ұсынылды: «Басшының алғашқы қадамдары», «Басшының басқарушылық құзыреттері», «Білім берудегі менеджмент».
Аталған курстардың дәріскерлері келесі колледж директорлары болды:
1. «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК директоры Смагулов Ержан Маликович;
2. «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК директоры Закамолкин Владимир Анатольевич;
3. «Қарағанды теміржол колледжі» КММ директоры Магрупбеков Ернур Ерзадиевич.
Тыңдаушылармен кері байланыс жүргізілді.