ТжКБ ұйымдары директорларының кадрлық резервіне арналған оқыту курсы
16-02-2021 09:48
ТжКБ ұйымдары директорларының кадрлық резервіне арналған оқыту курсы

2021 жылдың 16 ақпанда ZOOM платформасында ТжКБ ұйымдары директорларының кадрлық резервіне арналған оқыту курсының екінші күні өтті.

Оқуға колледж директорларының 65 орынбасары қатысты.

Бекітілген жоспарға сәйкес тыңдаушыларға ТжКБ ұйымдарында көшбасшылық және кадрлық жұмысты ұйымдастыруға қатысты тақырыптар ұсынылды:

«Көшбасшылық негіздері. Көшбасшылықтың жеке теориялары мен стильдері. Көшбасшылық түрлері», «Таймменеджмент», «Кадрлық жұмыс».

Аталған курстардың дәріскерлері колледж директорлары болды:

1. «Жезқазған қаласының  жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директоры Молдина Меруерт Айтмаганбетовна;

2. «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директоры Рахимова Жанар Зекеновна;

3. «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК директоры Саттыбаева Алия Рахимбековна.

Тыңдаушылармен кері байланыс жүргізілді.