2021 жылдың 18 ақпанында оқу-әдістемелік дамыту орталығы Осакаровка ауданының мектеп директорларының орынбасарларына, әдіскерлеріне және білім беру ұйымдарының басшыларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Білім беру ұйымдарында Рухани Жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру" және "Мектепке дейінгі білім берудегі инклюзивті білім беру" тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың топ тәрбиешілері, балабақша, мектеп директорлары және әдіскерлері қатысты.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен қалай дұрыс жұмыс істеу керектігі жайлы және инклюзивті балалар санатына кімдер жататыны туралы сұрақтар қозғалды.
Семинар тәжірибе бағыттағы сипатта, жоғары кәсіби деңгейде өтті.
Қатысқандар: Zoom арқылы 42 адам.