Размер шрифта:
«Өнегелі өмір» жобасы
18-02-2021 08:16
«Өнегелі өмір» жобасы

Облыстық «Өнегелі өмір» жобасы  аясында Жезқазған қаласының білім бөлімінің Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінде   «Кешегі оқушы - бүгінгі кәсіпқой боксшы» тақырыбында «Алтын контракт» турнирінің жеңімпазы, кәсіпқой боксшы Сұлтанбай Нұрбол Наурызбайұлымен сұхбат өткізілді.   Сұхбат барысында оқушылар кездесу қонағына көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Сұхбат қонағы оқушыларға кәсіби бокстағы  қызықты сәттері жайлы айтып, тәжірибесімен бөлісті.  

Бұл сұхбаттан әрбір оқушы тұлғаның тәжірибесімен, бейнесімен танысу арқылы пайдалы кеңестер алды. 

Сұхбатқа 7-11 сынып  оқушылары мен ұстаздар қатысты.