2015 жылдың 14 қазан күні Шет ауданының орталығындағы мектеп-гимназиясына ғалым, ұстаз, техника ғылымдарының докторы Ақылбаев Жамбыл Сәулебекұлының есімі берілуі және осы білім ордасында ғалымға арналған мұражайдың ашылу салтанаты ұйымдастырылды.
Салтанатты жиынға 275 адам жиналды. Олар ғалымның бірге оқыған, қатар жүрген дос-жарандары, жоғары оқу-орындарындағы қызметтес әріптестері, туған-туыстары, ғалымды үлгі тұтқан шәкірттері болды.
Ұстазға арналған мұражайда ғалымның еңбек жолы, алған марапаттары, өзінің жеке заттары қойылып, ғылыми еңбектері атап көрсетілген.
Соңынан аудандық мәдениет үйінде білім саласы қызметкерлерінің қатысуымен “Біртуар тұлға тағылымы” тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты: қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым, академик Жамбыл Сәулебекұлы Ақылбаевтың еңбегі туралы, қоғамдық өмірде және ғылымда қалдырған ізін, және биік кәсіби шеберлігін зерделеп, оны насихаттау болды.