Размер шрифта:
«Дене тәрбиесі пәнінің Үздік оқытушысы - 2021» облыстық байқауы
26-02-2021 14:07
«Дене тәрбиесі пәнінің Үздік оқытушысы - 2021» облыстық байқауы

2021 жылдың 26 ақпанында ZOOM платформасы арқылы колледждердің дене тәрбиесі оқытушылары арасында «Дене тәрбиесі пәнінің Үздік оқытушысы - 2021» облыстық байқауы өтті. Барлығы 12 оқытушы қатысты. 

Байқаудың негізгі мақсаты - дене шынықтыру оқытушыларының шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіби өсуге ықпал ету, жұмыс істейтін шығармашыл мамандарды анықтау және ынталандыру.

Байқау төрт кезеңнен тұрды:

I кезең – «Мен білікті маманмын» (Визит карточкасы). 

II кезең – «Менің сабағым»

III кезең – «Менің білімім» (пән бойынша тестілеу)

IV кезең – «Жеке портфолио»

«Дене тәрбиесі пәнінің Үздік оқытушысы - 2021» байқауының төрт кезеңінің нәтижесі бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды:

Байқаудың гран-при иегері – «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ оқытушысы Сейткалиев Серик Несипбекович;

I орын - «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ оқытушысы Алтынбекова Гульдана Комаровна; 

II орын  -  «Теміртау  көпсалалы  «Мирас» колледжі» ЖММ Ильясов Мирас Мейрамулы;

III орын - «Жезқазған музыкалық колледжі» КМҚК оқытушысы Силантьев Александр Николаевич.

Байқау жеңімпазы «Дене тәрбиесі пәнінің Үздік оқытушысы - 2021» кубогымен, жүлдегерлер - медальдармен, грамоталармен марапатталды.