Орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының арасындағы облыстық бейнесабақтар онлайн-байқауы
26-02-2021 08:04
Орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының арасындағы облыстық бейнесабақтар онлайн-байқауы

2021 жылдың 26 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ОӘБ жұмысы шеңберінде «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК-мен бірлесіп ZOOM платформасында орыс тілі мен әдебиеті бойынша бейне-сабақтар байқауының жеңімпаздарын таныстырды. Байқауға 6 колледжден 6 оқытушы қатысты.

1. Қатысушылар 10 ақпанға дейін байқауға қатысуға өтінім берді;

2. Қатысушылар 2021 жылдың 20 ақпанына дейін бейнесабақтар жіберді;

3. Қазылар алқасы бейне сабақтарды 25 ақпанға дейін қарады.

Келесі номинациялар бойынша жүлделі орын иегерлері анықталды:

«Орыс тілінің үздік бейне-сабағы» - Байсаринова Толкын Абаевна, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ;

«Орыс әдебиетінің үздік бейне-сабағы» - Сулейменова Нагима Нургалиевна, «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖММ;

 «Орыс әдебиеті бойынша бейнесабақты құрудағы шығармашылық тәсіл» номинациясын, «Бұқар жырау агротехникалық колледжі»КММ оқытушысы Бойко Ирина Николаевнаға берілді.

 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!