Размер шрифта:
«Мектептегі әлемім» облыстық бейнероликтер байқауының қорытындысы
01-03-2021 08:15
«Мектептегі әлемім» облыстық бейнероликтер байқауының қорытындысы

Қарағанды облысының Білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы информатикаға, ақпараттық мәдениетке танымдық қызығушылықты қалыптастыру, білімді жинақтау және жүйелеу, оқушылардың бейресми қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатында 2021 жылдың 1-6 ақпан аралығында облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығын өткізді.

Осы апталық аясында «Мектептегі әлемім» атты облыстық бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын: 

Сәтбаев қаласы Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің оқушысы -Нұрлан Айжан. 

2 орын: 

Қарағанды қаласы С. Саттаров атындағы мектеп-лицейінің оқушылары - Сабит Санжар, Елубеков Жігер. 

Нұра ауданы Әлихан Бөкейхан атындағы негізгі мектебінің оқушысы - Омарова Жания.

3 орын: 

Ақтоғай ауданы Ж. Ақбай атындағы ЖББМ оқушысы - Нұралықызы Алуа 

«Озат» ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары

Қарқаралы ауданы М. Бәпиұлы атындағы №44 ЖОББМ оқушысы - Төлеу Диана.