Облыстық іс-тәжірибе тарату семинары
02-03-2021 17:32
Облыстық іс-тәжірибе тарату семинары

«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК, Қарағанды қаласының білім бөлімімен бірлесе отырып «№4 көп балалы және аз қамтамасыз етілген мектеп-интернаты» КММ  2021 жылдың 02 наурызы күні қашықтықтан  «Оқушылармен жобалық қызметті ұйымдастыру арқылы жалпы және қосымша білім беруді интеграциялау» тақырыбындағы іс-тәжірибе тарату семинарын ұйымдастырып өткізді.

Семинарда М.Б. Нуртазина, мектеп директоры; А.Т. Абишева, директорының орынбасары; Э.С.Кокенова, жаратылыстану-математикалық бағыттағы бірлектік жетекшісі; Н.Е.Омербаева, тәрбиеші; Д.С.Кутжанова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; Е.А.Зубочкина, тарих пәнінің мұғалімі; Н.В.Ковалёва, көркем еңбек пәнінің мұғалімі; Н.М.Уланова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға Қарағанды облысының білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері қатысты.