Облыс колледждерін дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеу
04-03-2021 11:29
Облыс колледждерін дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеу

Қарағанды облысында  2020 жылы бастау алған  «Жас маман» жобасын жүзеге асыру аясында облыстың 15 ТжКББ ұйымдары колледжді  дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеуде.

Осы колледждерге әдістемелік сүйемелдеу жүргізу мақсатында 2021 жылдың 4 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «2020-2025 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының стратегиялық даму жоспарын әзірлеу» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. Барлығы 77 педагог қатысты. Вебинарды алғы сөзімен ҚО ББД ОӘО директоры Абдикерова Б.Х. ашып, тақырып бойынша жұмысты директордың орынбасары Сарсембаева А.Ж. жалғастырды. 

Вебинар соңында аталған шара модераторы Сарсембаева А.Ж. қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.