ТУҒАН ӨЛКЕ СЫРЛАРЫ
05-03-2021 16:43
ТУҒАН ӨЛКЕ СЫРЛАРЫ

2021 жылдың 5 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Туған өлке сырлары» облыстық жобасы аясында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде «Дала фольклорының антологиясы» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда Балқаш қаласының әдіскерлері мен педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Балқаш өңірінің педагогтері Балқаш көлі және «Бекбау-ата» киелі орны: табиғи-рекреациялық әлеуеті бойынша педагогтердің алғашқы экспедицияларының материалдарымен бөлісті.

Балқаш қаласының мұғалімдері «Оқушыларды тарихи өлкетану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесін жинақтады.

Семинарда барлығы 54 адам қамтылды.