Қарағанды облысының БММ және БӨМ фортепиано бөлімшелерінің педагогтеріне арналған «Музыкалық шығармаларды көркем орындау ерекшеліктері» вебинары
05-03-2021 10:18
Қарағанды облысының БММ және БӨМ фортепиано бөлімшелерінің педагогтеріне арналған «Музыкалық шығармаларды көркем орындау ерекшеліктері» вебинары

2021 жылғы 5 наурызда «Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК және Қарағанды қаласының «№1 Балалар музыка мектебі» КМҚК Қарағанды облысының БММ және БӨМ фортепиано бөлімшелерінің педагогтеріне арналған «Музыкалық шығармаларды көркем орындау ерекшеліктері» вебинарын өткізді.

Вебинарда осы бағыттағы жұмыс тәжірибелерін ұсынған Қарағанды қаласының №1 Балалар музыка мектебінің І фортепиано бөлімінің педагогтері Бибичева Галина Ивановна, Оленбург Марина Владимировна, Абдрахманова Дильнара Давлетовна, Литвинова Ольга Владимировна, Бейспекова Айжан Балташевна, сонымен қатар, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің фортепиано ЦӘК меңгерушісі Елена Васильевна Холопайнен сөз сөйледі.  

Вебинарға Қарағанды облысының қосымша білім беру ұйымдарының 40 педагогі қатысты.