7 сынып оқушыларына арналған I облыстық "ЭКОНОМ и К" олимпиадасының қорытындысы шығарылды.
08-03-2021 10:26
7 сынып оқушыларына арналған I облыстық

2021 жылдың 3 наурызында «ҚАРЖЫ ӘЛЕМІ» қаржылық сауаттылық апталығы аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен және «№2 Лицей» КММ 7-сынып оқушылары үшін I облыстық «ЭКОНОМ и К» олимпиадасы өткізілді. Бұл іс-шара дарынды және талантты оқушыларды анықтау, олардың экономикалық, қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік қызмет саласында одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына бағытталған.

Олимпиада мазмұны жабық түрдегі тест тапсырмаларынан, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты және шешімді талап ететін тапсырмалардан тұрды. Облыс бойынша олимпиадаға Қарағанды, Балқаш, Шахтинск, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Саран, Приозерск қалаларының және Нұра, Бұқаржырау, Жаңаарқа, Шет, Осакаровка, Абай, Қарқаралы, Ұлытау аудандарының, №1 БИЛ, «Мұрагер», «Зияткер», «Өркен», Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттарының 195 оқушысы қатысты.