2015 жылдың 16 қазан айында Қарағанда облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Үздік тірек мектебі (ресурстық орталық)» облыстық конкурсының қорытынды кезеңі өтті.
2015 жылдың 16 қазан айында Қарағанда облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында «Үздік тірек мектебі (ресурстық орталық)» облыстық конкурсының қорытынды кезеңі өтті. Конкурсқа облыстағы 17 тірек мектептерінің 14 мектебі қатысып, ресурстық орталықтағы оқу-тәрбие үрдісін басқару, ұйымдастыру және жүйелі жүргізудегі озық тәжірибелерімен бөлісті. Ғылыми-әдістемелік және оқу-тәрбие қызметіндегі жаңа педагогикалық идеяларын, инновациялық ізденістерін көрсетуде, жеңімпаздар атанған Бұхаржырау ауданы, Ростовка Тірек мектебі, Шашубай мектеп - бала бақша кешені Тірек мектебі республикалық кезеңіне жіберілді.