Размер шрифта:
15.03.21 ж. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан: ҰЛЫ МҰРАТ ЖОЛЫНДА» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
15-03-2021 17:21
15.03.21 ж. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Әлихан Бөкейханның  155  жылдығы  және  Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан: ҰЛЫ  МҰРАТ  ЖОЛЫНДА» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының

15.03.21 ж. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Әлихан Бөкейханның  155  жылдығы  және  Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан: ҰЛЫ  МҰРАТ  ЖОЛЫНДА» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері мен оқытушылары арасында облыстық  ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференция жұмысын Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амиров Есжан Сарманқұлұлы, Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Жүнісова Гүлбақыт Серікжанқызы, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Абдикерова Бакиткул Химальдиновна, Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Бейсенбекова Нұрсахан Ахметовна, Қарағанды облыстық  «Орталық Қазақстан» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Мұсабеков Ерсін Кәрібайұлы қатысып, баяндамаларымен таныстырды және конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.  

Конференция жұмысы екі секциялық бағыт бойынша жүргізілді. 

Бірінші  бағыт: «Ә.Н.Бөкейхан  – ұлы  мұрат  жолындағы  көшбасшы»  (қоғам  қайраткері көзқарастарасының  өзектілігі, қоғамды  жаңғыртудағы  мәселелері   мен  «Мәңгiлiк Ел» идеясы  ұстанымымен   тарихи  сабақтастығы  туралы);

Екінші бағыт: «Ә.Н.Бөкейхан және оның  руханият мұрасы»  (әдеби бағытта  көркем-шығармашылыққа  терең ой жіберген және өзінің ізденіс назарын қазақ сөз өнеріне аударған  тұлғаның аудармашылық, әдебиеттанушылық, ағартушылық, педагог, публицист, энциклопедист жолы туралы).

Ғылыми-тәжірибелік конференцияғы барлығы 80 жұмыс пен өтінім келіп түсті,оның ішінде колледж оқытушылар-25, колледж студенттері-30. Сонымен қоса, конференция жұмысына Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті студенті Ғазизов Нұрай Сәулетұлы, Акмолдина Толеутай Койкеновнаның жетекшілігімен Ә.Бөкейханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Жилыбаева Жанна қатысты.

 

 «Ә.Н.Бөкейхан  – ұлы  мұрат  жолындағы  көшбасшы»   бірінші бағыт бойынша жеңімпаздар:

І орын: Байдүйсен Ақмерей Нұрсұлтанқызы «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК

 

ІІ орын: Каримов Ерлан Амантаевич «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ

ІІ орын: Максимов Владимир Анатольевич Қарағанды агротехникалық колледжі "КММ»

 

ІІІ орын: Нығметолда Нұргүл «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК

ІІІ орын: Маралова Айым Сырымовна Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі

ІІІ орын: Ералы Бағдат Кожжанұлы «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК

 

«Ә.Н.Бөкейхан және оның  руханият мұрасы»  екінші бағыт бойынша жеңімпаздар:

І орын: Анықбеков Алмаз Талғатұлы «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі»

 

ІІ орын: Жұмашева Нұрсауле Жанатқызы «Фемида» заң колледжі

ІІ орын: Мейрамбай Еламан «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі»

 

ІІІ орын: Қожабекова Айгерім Рүстемқызы Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі

ІІІ орын: Заман Әмина Дәулетбекқызы «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК

ІІІ орын: Хытайхан Мөлдір Алтынбекқызы  «Қарағанды жоғары медициналық интерколледжі» ЖММ