16 наурызда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Түркістан облысынан келген делегацияны қарсы алды.
Директор Тұрсынбаев Абай Зәкірұлы бастаған Түркістан облысы әдістемелік орталығының өкілдері Қарағанды облысында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысты. Делегация оқу-әдістемелік орталықта болып, орталықтың жұмыс тәжірибесімен, инновациялық жобаларымен, озық әзірлемелерімен танысып, облыс педагогтерімен онлайн-кездесуге қатысты.
Қонақтарға облыстың мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен мектептерінің инновациялық қызметін ұйымдастыру үлгілері көрсетілді. Өңір педагогтері мектеп мұражайларын, инклюзивті сыныптарды, Koworking және зияткерлік кабинеттерді, оқу зертханаларын ұйымдастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
«Бәйтерек», «Балақай», «Алтын сақа», «Шаңырақ» бөбекжайлары; М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия, Мұрагер ММИ, Н.Нұрмақов атындағы ММИ, №103 А. Ермеков атындағы мектеп-интернаты, А.Құнанбаев атындағы №104 мектеп-гимназиясы, № 101 мектеп-лицейі, Әл-Фараби атындағы № 102 мектеп-гимназиясы үздік тәжірибелерін таныстырды.