Размер шрифта:
2015 жылдың 16 қазанында Оқу-әдістемелік орталығында «Байланыс телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» мамандығы оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
16-10-2015 11:44

Отырыс барысында аталған бағыттың маңызды сұрақтары талқыланып, төмендегідей баяндамалар тыңдалды:

·          «Студенттердің жобалық әрекеті – болашақ маманның кәсіби, әлеуметтік, шығармашылық қасиеттерінің құралы» тақырыбында Қарағанды политехникалық колледжінің оқытушысы Сыздық Айгерім Мұратқызы,

·         «Қашықтан оқыту курстарының көмегі арқылы арнайы пәндер оқытушыларының біліктілігін көтеру» тақырыбында Қарағанды кәсіби-техникалық колледжінің оқытушысы Жиенқұлова Рауза Ракиповна,

·         «Техникалық және кәсіптік білім мазмұнын жаңарту – білім сапасын көтерудің қажетті шарты» тақырыбында «Байланыс телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» мамандығы оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Такшылыкова Дина Ракишевна баяндады.

Отырыс соңында қорытынды жасалып, оқытушылар іс-шара төңірегіндегі өз ойларын ортаға салды. Облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспары бойынша, қаңтар айына «Үздік медиа-сабақ» байқауы, сәуірге студенттердің курстық жұмыстары негізіндегі шығармашылық жобалар байқауы жоспарланды.