2021 жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында еріктілер орталықтарын құру бойынша дөңгелек үстел өтті.
«Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директоры Бакиткул Химальдиновна Абдикерова дөңгелек үстел қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі.
Қарағанды облысында еріктелер орталығының жұмысымен Хегай Алена Юрьевна, «Теміртау жастар клубы» ҚБ директоры, Мемлекеттік «Алтын Барыс» айрықша белгісі, «Халық алғысы» медалінің иегері; Коралева Елизавета, медиа-волонтер; Рымбекова Индира Боранбекқызы, «Төтенше жағдайларда қорғау және өрт қауіпсіздігі» бөлімінің меңгерушісі, «Құтқарушы» еріктілер қозғалысының жетекшісі, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі; Серікпай Баян, Пермешов Нұржігіт, Зимовина Дарья, Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің «Төтенше жағдайларда қорғау» бөлімінің ерікті-студенттері бөлісті.
Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облыстық мектеп-интернаттары мен 18 өңірінің жалпы білім беретін мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, тәрбие жұмысына жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары қатысты.