«Болашақ инженерлері» облыстық жобасы аясында үшөлшемді компьютерлік модельдеу бойынша облыстық байқаудың қорытындылары
18-03-2021 09:54
«Болашақ инженерлері» облыстық жобасы аясында үшөлшемді компьютерлік модельдеу бойынша облыстық байқаудың қорытындылары

2021 жылдың наурыз айының 05-18 аралығында «Болашақ инженерлері» облыстық жобасын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Модельдеу» номинациясы бойынша үшөлшемді компьютерлік модельдеу байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың сырттай кезеңінде облысымыздың 114 білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларының 47 жұмыстары қарастырылды.

Құзыретті әділқазылар алқасымен ең жақсы 15 жұмыс таңдалып алынып, олардың авторлары байқаудың күндізгі кезеңінде үшөлшемді компьютерлік модельдеу саласында өз шеберліктерін көрсетті.

Байқаудың күндізгі кезеңі 2021 жылдың наурыз айының 18-і күні қашықтық форматта ZOOM платформасында ұйымдастырылды.

Қатысушыларға күрделілігіне қарай үш түрлі тапсырма ұсынылып, критерийлеріне сәйкес ұпайлар берілді.

Күндізгі кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

І орын – Сериков Арман, Н.Нұрмақов атындағы ММИ оқушысы;

ІІ орын – Астахов Никита, Қарағанды қ. Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицей оқушысы;

ІІІ орын – Тілектес Бекжан, Балқаш қ. Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей оқушысы;

Кабуш Кирилл, Қарағанды қ. №101 мектеп-лицей оқушысы.

 

Барлық қатысушылар мен олардың жетекшілері сертификаттармен, ал жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.