Есеп беру кездесуі
2021 жылдың 17 наурызы мен 19 наурызы аралығында Zoom платформасында Қарағанды облысы колледждерінің 24 директоры білім басқармасы және оқу-әдістемелік орталығының өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізді.
Аталған іс-шарада 2021 жылы (мемлекеттік тапсырыс бойынша) студенттерді дуалды оқытумен қамту бойынша жоспарлы көрсеткішке жету бойынша колледждердің атқарған жұмыстары туралы есептер тыңдалды.
2021 жылдың 25 наурызы мен 1 сәуір аралығында облыстың қалған 40 колледж директорларын тыңдау жоспарлануда.