Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2015 жылдың 19 қазанында жаңа мазмұндағы білім беру жүйесін талдау, жобалау, қолдау аясында білім ұйымдары басшыларының педагогикалық жүйелерді басқару бойынша білім деңгейлерін арттыру мақсатында облыстың мектеп директорларына арналған «Заманауи мектептерді басқарудың өзекті мәселері» тақырыбында оқыту курстары басталды. Курстың оқыту бағдарламасы келесі мәселелерді қамтиды:
1.Директорлардың іс-әрекетіндегі нормативтік-құқықтық негіздемелер.
2.Білім ұйымының жетекшісі ретінде басшының тұлғасы.
3. Білім жүйесіндегі медиация.
3. Мектептің даму стратегиясы, білім саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету.
4. Деңгейлік курстар - білімнің жаңа философиясы негізінде.
5. «Білімал» ақпараттық білім беру жүйесінің ерекшеліктері.
6. Инклюзивті білім беру.
7. Мектепшілік бақылау.
Екі апталық курсқа Қарағанды, Жезқазған, Сәтпаев, Теміртау, Саран, Шахтинск, Қаражал қалалары мен Абай, Осакаров, Бұқаржырау, Нұра аудандарынан келген барлығы 23 мектеп директоры қатысады.