«Шеберлік шыңы» атты аға тәлімгерлер мектебі
2021 жылдың 26 наурызында қашықтықтан жазғы каникулдағы балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастырылуы бойынша «Шеберлік шыңы» атты аға тәлімгерлер мектебі өз жұмысын бастады.
Оқыту семинарына қалалық және аудандық білім беру ұйымдарының тәлімгерлері қатысты. Оқыту семинары қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді. І модуль «Әр түрлі мектеп жасындағы балалардың психологиялық даму заңдылықтары» тақырыбында өтті.
Семинар спикелері: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының психологы Илюхина Татьяна Михайловна; Қарағанды қаласының «№74 ЖББМ» КММ психологы Бакирова Нургул Бегайдаровна.





umc-ro@umckrg.gov.kz


