Размер шрифта:
Көктемгі мектеп аясында пәндік құзыреттілікті арттыру курстары
29-03-2021 17:47
Көктемгі мектеп аясында пәндік құзыреттілікті арттыру курстары

Қарағанды облысының білім басқармасының тапсырмасы бойынша Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы пәндік құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында 2021 жылдың 25 наурызынан бастап 31 наурызға дейінгі аралықта онлайн-режимде ZOOM платформасы арқылы Көктемгі мектеп жұмысын ұйымдастырды.

Көктемгі мектеп бағдарламасына сәйкес 29-31 наурыз аралығында облыс мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін арттыру мақсатында бастауыш мектеп, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, математика, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы, география пәндері бойынша курстар басталды.

Шеберлік сыныптар өткізу барысында педагогтер оқушылардың пәндер бойынша батымды аймақтарын тиімді жоюды қамтамасыз ететін жұмыс жүйесінің ең нәтижелі элементтері мен әдістемелік тәсілдерін ұсынады.