Размер шрифта:
Облыс колледждерінің тілдік емес мамандықтарының студенттері арасындағы «The world of languages» ІІI облыстық сайысы
29-03-2021 07:31
Облыс колледждерінің тілдік емес мамандықтарының студенттері арасындағы «The world of languages» ІІI облыстық сайысы

2021 жылдың 29 наурызында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында үштілді білім беру апталығы басталды.  

Үштілді білім беру апталығының алғашқы шарасы үшінші жыл қатарынан Қарағанды «Bolashaq жоғары колледжі ұйымдастырған облыс колледждерінің тілдік емес мамандықтарының студенттері арасындағы «The world of languages» ІІI облыстық сайысы болды. 

Онлайн форматтағы Zoom платформасында өткізілген сайысқа 22 студент қатысты.

Қатысушылар сайыс алаңында тілдер саласындағы өз білімдерін көрсетіп, бақ сынасып жатқанда, олардың жетекшілері – колледж оқытушыларында Қарағанды «Bolashaq жоғары колледжі педагогтері ұйымдастырған семинарға қатысу мүмкіндігі болды. Семинардың барлық қатысушылары семинардың өткізілуі бойынша оң пікірлерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. 

Сайыс үш кезеңнен тұрып, барлық кезеңнен сәтті өткен қатысушылардың жалпы ұпайлар санының қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын:

- Катранова Әсел Зиядақызы, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ студенті, жетекшісі - Биева Гульмира Кабдырахымовна;

- Нұргелді Назерке Еркелдіқызы, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ студенті, жетекшісі - Нуржанова Акерке Габидовна;

2 место: 

-  Байдильдин Дамир, «Сәтпаев индустриалды колледжі» КММ студенті, жетекшісі - Алиева Дамеш Жарылкасыновна;

3 место:

- Жұбантаева Ақниет, «Балхаш сервис коледжі» КММ студенті, жетекшісі - Василенко Олеся Викторовна.

Сайыс жеңімпаздары мадақтамалармен, ал олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталатын болады. Сайыстың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.