Размер шрифта:
«Көктемгі мектеп» аясындағы директордың орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру курстары туралы
30-03-2021 09:17
«Көктемгі мектеп»  аясындағы  директордың орынбасарларына арналған біліктілікті арттыру  курстары туралы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылы 30 наурызында білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары үшін біліктілікті арттыру курстарының екінші күні өтті. Сабақтар ZOOM платформасында онлайн режимінде қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.

Курстың төртінші күні қатысушылар келесі тақырыптарымен таныстырылды:

Мектепішілік тәрбие жұмысын бақылау;

Білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдың алу, суицидке жол бермеу жобасын іске асыру;

Инклюзивті білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы.

Біліктілікті арттыру курстарына облыстың білім беру ұйымдарынан  596 адам қатысты.