Размер шрифта:
«AgroSkills и JasAgroSkills»-2021 құзыреттілік орталықтары өкілдерінің онлайн-кеңесі
30-03-2021 09:23
«AgroSkills и JasAgroSkills»-2021 құзыреттілік орталықтары өкілдерінің онлайн-кеңесі

2021 жылдың 30 наурызында сағат 15.00-де «AgroSkills и JasAgroSkills»-2021 құзыреттілік орталықтары өкілдері және бас сарапшылармен онлайн-кеңесі өтті.

Кеңеске қатысушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, құзыреттілік орталықтарының өкілдері мен бас сарапшылар.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директорының орынбасары  Сарсембаева Альфия Жакуповнаның алғы сөзінен кейін кеңестің барлық қатысушылары 5 құзыреттілік орталығы базасында өтетін «AgroSkills и JasAgroSkills»-2021 өңірлік чемпионатының бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады.  

Кеңес соңында 2021 жылдың 2 сәуіріне дейін конкурстық тапсырмаларды әзірлеу және  10 сәуіріне дейін сметаны жасап, оқу-әдістемелік орталыққа жіберу туралы шешім қабылданды.