Размер шрифта:
«Қашықтықтан BOOM» облыстық жобасы аясында «3D панорама және виртуалды тур» тақырыбында оқыту курсы
31-03-2021 17:37
«Қашықтықтан BOOM» облыстық жобасы аясында  «3D панорама және виртуалды тур» тақырыбында оқыту курсы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қашықтықтан BOOM» облыстық жобасы аясында 2021 жылдың 25-31 наурыз аралығында «3D панорама және виртуалды тур» тақырыбы бойынша қазақ тілінде қашықтықтан оқыту курсын ұйымдастырды. 

Курстың мақсаты: бағдарламамен танысу, 3D турын құруға арналған бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, 3D турды әзірлеу.

Аталған курс бойынша Қарағанды облысының 39 педагогі оқудан өтті. Курсты Жарқымбек Алмас Айдосұлы, Аскерхан Еркебулан өткізді. 

Педагогтер курстың заманауилығын, жаттықтырушылардың жоғары біліктілігін, сондай-ақ материалды жеткізудің анықтығы мен қисындылығын атап өтті.

Курс соңында бақылау жұмыстарын сәтті тапсырған барлық мұғалімдер курстан өткендігі туралы сертификаттар алды.