2015 жылдың 20 қазанында облыстық балалар үйлері мен интернат мұғалімдеріне арналған «Кәсіби бағдар берушілер мектебі» өз жұмысын аяқтады. «Кәсіби бағдар берушілер мектебі» жұмысына «Пионер», Теміртау қаласының «Әсем», «Таңшолпан» және «Құлыншақ» балалар үйлерінің, «Облыстық даму мүмкіншілігі шектеулі балалар үйінің» мұғалімдері қатысты.
Курс соңында «Балалар үйінде кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында жобалар қорғалды. «Әсем» және «Құлыншақ» балалар үйлерінің тәрбиешілері аталған тақырып төңірегіндегі мәселені шешудің жүйелі тәсілдерін ұсынды.
Қорғалған жобалар негізінде, қатысушылар балалар үйіндегі кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруды жүйеге келтіру мақсатында, бірізді әдістемелік ұсыныстар әзірлеуді шешті.