Қарағанды облысының әлеуметтік педагогтері мен мектеп инспекторларына арналған оқыту семинары
31-03-2021 17:57
Қарағанды облысының әлеуметтік педагогтері мен  мектеп инспекторларына арналған оқыту семинары

2021 жылдың 31 наурызында «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы»  КМҚК, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің психология кафедрасымен бірлесіп әлеуметтік педагогтер мен мектеп инспекторлары үшін «тәуекел тобының» оқушыларымен жұмыс ұйымдастыру бойынша оқыту семинарын өткізді.

Семинар онлайн-режимде қазақ және орыс тілдерінде өтті. Семинар спикерлері: Динара Фархатовна Мухамедкаримова, Салтанат Ошакбайкызы Бурленова, психология магистрлері, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің психология кафедрасының аға оқытушылары.

Семинар тыңдаушыларын қамту 200 адамды құрады.