Размер шрифта:
Облыстық «Шабал Бейсенбекова оқуы - 2021» педагогикалық оқуы
31-03-2021 18:04
Облыстық «Шабал Бейсенбекова оқуы - 2021»   педагогикалық оқуы

Ағымдағы жылдың  30 наурыз  күні Қарағанды облысы білім басқармасы,  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы және  «Сәтбаев қаласы  білім бөлімі»  ММ ұйымдастыруымен Қазақ ССР,  СССР халық  ағарту  ісінің үздік қызметкері, «Еңбек ардагері» медалінің,  І,ІІ,ІІ дәрежелі «Аналар даңқы»  орденінің «Ерен Еңбегі үшін» медалінің,  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген  қайраткері,  «Ы.Алтынсарин»  атындағы төсбелгісінің,  «Алтын алқа»,  «Құрмет»  ордендерінің,  «Қарағанды облысының білім саласына  еңбегі сіңген қызметкері»   төсбелгісінің иегері, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, ұстаздардың ұстазы Бейсенбекова Шабал Бейсенбекқызының «Ұрпаққа ұлағат» атты  облыстық  педагогикалық оқуы  өтті. 

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жасампаздыққа толы жылдар» аясында және Шабал Бейсенбекованың жеке тұлғаны тәрбиелеу мен  оқытудағы озық тәжірибелерін тарату арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында өткізілді.  

Педагогикалық оқудың модераторы - Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы Акишбеков Берік Базылұлы  болды.  Алғашқы сөзді Қарағанды облысында білім  беруді дамытудың  оқу – әдістемелік орталығының директоры   Б.Х.Абдикерова  алып,    Шабал   Бейсенбекқызының  өмір жолына, еңбектеріне тоқталды. 

Шабал Бейсенбекова оқуларына облыс бойынша 67 жұмыс кеп түскен. Іріктеуден өткен 44 жұмыстар жинаққа енгізілді. 

Педагогикалық оқудың секциялық жұмыстарына қатысып, баяндама жасап, тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарымызды оқу –әдістемелік орталығының директоры   Б.Х.Абдикерова  жүлделі орындармен марапаттады. Қатысушыларға сертификаттар табысталатын болды. 

Облыстық «Шабал Бейсенбекова оқуы - 2021»  қорытындысы:

1-секция. «Гуманитарлық білім берудегі  тиімді педагогикалық технологиялар» бағыты бойынша:

І орын - Назарбаев зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сулейменова Мейрамгуль Мейрашовна; 

ІІ орын - Сәтбаев қаласы «№15 ЖББМ»КММ   бастауыш сынып мұғалімі Каскатаева Роза Абсалямовна;

ІІІ орын - Ақтоғай ауданының  Н.Әбдіров атындағы ЖББМ Рахимбекова Гульнар Ораловна.

Сертификат: Жезқазған қаласы №3 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Жумабаева Гульмира Советовнаға,  Жезқазған қаласы «№26 гимназия» КММ мұғалімі Кенишбаева Гулзейнеп Тусупназаровнаға, «Теміртау қаласының №21 ЖББОМ» КММ мұғалімі Нургазина Сайра Жапаровнаға, «Қарағанды қаласы №82 ЖББМ» мұғалімі Акышева Гулнур Капиятовнаға, «Қарағанды қаласы №77 мектеп-бөбекжай кешені» Копбалина Галия Сериковнаға беріледі.

2-секция. Білім беру үдерісіндегі цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері бағыты бойынша: 

І  орын - «Теміртау қаласының №24ЖББМ» қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нурсеитов Досжан Жандарбекович;

ІІ орын - Саран қаласының білім бөлімі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті әдіскері - Шаймұрат Саулеш Шаймуратовна; 

ІІІ орын - Балқаш қаласы ЖББ №5 мектеп мұғалімі Мукашбекова Сайрангуль Саркытбаевна;

Сертификат: «Озат» ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-интернатының» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рысбекова Гульманат Отыншиевнаға  беріледі. 

3 - секция. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарындағы эстетикалық тәрбие бойынша :

І орын- Сәтбаев қаласы, «№19 мектеп -лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ондыбаева Айжаркын Кузенбаевна; 

ІІ орын - Шет ауданы, Жұмыскерлер ауылы, Абай атындағы ЖББМ Омарова Жаңагуль Дюсембаевна; 

ІІІ орын-Қарағанды қаласы, №53 мектеп- лицейі, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Билялова Кенжегул Каримовна, Елубаева Айгуль Нуртаевна;

Сертификат: Сәтбаев қаласы «№27 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Биханова Кымбат Каирлбаевнаға ,  Жезқазған қаласы «Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі» КММ- Бухарова Анаркуль Оразовнаға  берілді.

Ісшара соңында Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, ҚР Білім меценаты,«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының иегері Алтынбек Бекзат Қомарұлы Шабал Бейсенбекқызы туралы ойларымен бөлісе отырып, педагогикалық оқуға қатысушыларға жүрекжарды тілегін білдірді.