МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА, БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯ ПӘНДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӨКТЕМГІ МЕКТЕБІ
2021 жылдың 29-31 наурызы аралығында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес математика, физика, биология, химия пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатымен Көктемгі мектеп өткізілді. Көктемгі мектепке 4 пән бойынша барлығы 800 педагог қатысты.
Көктемгі мектеп аясында Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Сәтбаев, Балқаш қалаларының және «Дарын», «Мұрагер», «Өркен» ММИ, №3 БИЛ педагогтері өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Көктемгі Мектеп жоғары кәсіби деңгейде өткізілді.