Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға, педагогтердің кәсібилігі мен шығармашылығын арттыруға, үздік педагогикалық тәжірибені, тәрбие мен оқытудың вариативтік әдістемелері мен технологияларын анықтауға ықпал ету.
Байқау екі кезеңде өтеді:
1 кезең -авторлық бағдарламаның сараптамалық бағасын қамтиды. Құжаттарды қабылдау ҚР КО ОӘО 16.03-31.03.2021 ж. дейін жүзеге асырылады.
2 кезең - сырттай. 01.04-09.04.2021 ж. кезеңінде ұсынылған материалдың техникалық сараптамасы.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үздік авторлық бағдарламасы» облыстық байқауының жүлдегерлері (Бас жүлде, 1,2,3 орын) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үздік авторлық вариативтік бағдарламасы" республикалық конкурсында ұсынылады.