Размер шрифта:
Колледж студенттеріне арналған «In the Andersen’s world» әдеби байқауы
31-03-2021 17:14
Колледж студенттеріне арналған «In the Andersen’s world» әдеби байқауы

2021 жылдың 31 наурызында үштілді білім беру апталығының шеңберінде Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі ұйымдастырған колледж студенттеріне арналған «In the Andersen’s world» әдеби байқауы өтті.  

Онлайн форматтағы  Zoom платформасында өткізілген сайысқа 20 студент қатысты, оның ішінде 5 студент тілдік мамандықтар бойынша, ал 15 студент тілдік емес мамандықтар бойынша.

Байқау екі кезеңнен тұрды.

Бірінші кезеңде қатысушылар үй тапсырмасы ретінде беріліп,  алдын-ала дайындалған Андерсеннің бір шығармасына талдау жасаған видеороликтерін ұсынды.

Екінші кезеңде қатысушыларға Андерсеннің дәйексөздері беріліп, олар оны ағылшын тілінде ауызша пайымдады.

Екі кезеңнің жалпы ұпай сандарын шығару арқылы келесі жеңімпаздар анықталды:

Тілдік мамандықтар студенттері арасында:

1 орын - Козерук Дмитрий Сергеевич, «Шет тілдер колледжі» ЖММ студенті. Жетекшісі - Фадеева Елена Васильевна;

2 орын - Жиенбай Аружан Амангелдіқызы, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті. Жетекшісі - Мәшірап Ақжан Жұмашқызы; 

3 орын - Тукашева Самал Айдаркызы, «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ студенті. Жетекшісі - Базикова Таттибала Рымбаевна.

Тілдік емес мамандықтар студенттері арасында:

1 орын - Безродный Клим Викторович, «Балхаш сервис коледжі» КММ студенті. Жетекшісі - Василенко Олеся Викторовна;

2 орын - Муханов Марк  Михайлович, «Жезқазған қаласының  жоғары медициналық колледжі» КМҚК студенті. Жетекшісі - Жарлыгасова Сагынай Омиркуловна; 

3 орын - Комшабаева Айым Максаткызы, «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК студенті. Жетекшісі - Ким Ольга Александровна.

Сайыс жеңімпаздары мадақтамалармен, ал олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Сайыстың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.