2021 жылдың 31 наурызында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғарғы гуманитарлы-техникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қабілетті және талантты жастар - біздің болашағымыз» атты ІІ Облыстық слет өтті.
Слеттің мақсаты - облыс жастарының шығармашылық әлеуетін анықтау, қолдау және дамыту; оқушылардың негізгі еңбекке – оқуға деген оң көзқарасын қалыптастыру.
Слеттің міндеттері:
дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау;
талантты және дарынды жастардың жетістіктеріне қоғамның назарын аудару;
дарынды оқушылардың кәсіби даму траекториясын таңдауға ықпал ету.
Слеттің ұйымдастырушылары: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, Саран қаласының Жастар-ресурстық орталығы. Ақпараттың қолдауды SEVIBA ЖК көрсетті.
Слетке Қарағанды, Балхаш, Шахтинск, Абай, Саран қалаларынан, және Нұра, Қарқаралы, Осакаров аудандарынан барлығы 21 мектеп қатысты.
Слеттің ашылу салтанатында қатысушыларды Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік ортылығы директорының орынбасары Сарсембаева Альфия Жакуповна, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжінің директоры Закамолкин Владимир Анатольевич, Саран қаласы жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Мустафина Сәнді Далабайқызы құттықтады.
Слеттің алғашқы кезеңі «Сәлеметсіз бе! Бұл – біз!» деп аталды. Бұл кезеңде қатысушылар жөнінде, мектептер жөнінде ақпарат Padlet виртуалды тақтасына орналастырылды.
«Топтың визит карточкасы» атты екінші кезеңде қатысушылар әділ-қазылар алқасына топты таныстыру мақсатында видеоролик ұсынды.
Үшінші тур аясында біздің студенттер оқушылар үшін 3Д-тур «Виртуалды квест» дайындады, оның барысында қатысушылар квест-турларға барып, түрлі тапсырмаларды орындады. Квесттің әр кезеңінде алынған ұпайлар команданың жол парағына енгізілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша әр команда «Ең белсенді», «Ең серпінді», «Ең бастамашыл», «Ең коммуникабельді», «Ең сенімді», «Ең шығармашыл» және т.б. номинацияларға ұсынылды.
Слет қорытындысы бойынша жүлделі орындар келеретпен бөлінді:
1 орын - Шахтинск қаласының «№ 1 мектеп-гимназия» КММ;
2 орын - Қарағанды қаласының «Қаныш Сапаев атындағы гимназия» КММ;
3 орын - Қарқаралы ауданы «Бақты ауылының № 21 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
«Қабілетті және талантты жастар - біздің болашағымыз» ІІ Облыстық слетінің барлық қатысушылары сертификаттар алды, ал жарыстың әр кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар табысталды.