Үштілді білім беру апталығы аясындағы «Болашақ маманның үштілділік бағдарламасын жүзеге асырудағы кәсіби шеберлігі» тақырыбындағы облыстық фестивалі
01-04-2021 13:30
Үштілді білім беру апталығы аясындағы «Болашақ маманның үштілділік бағдарламасын жүзеге асырудағы кәсіби шеберлігі»  тақырыбындағы облыстық фестивалі

2021 жылдың 1 сәуірінде онлайн форматта  «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК ұйымдастыруымен үштілді білім беру апталығы аясындағы «Болашақ маманның үштілділік бағдарламасын жүзеге асырудағы кәсіби шеберлігі»  тақырыбындағы облыстық фестивалі өтті.

Фестивальге облыс колледждерінен 15 педагог пен 5 студент қатысты.

Фестивальге үштілді және көптілді білім беруді жүзеге асырушы колледж өкілдері өз тәжірибелерімен онлайн режимде бөлісіп те, сонымен қатар жұмысын сырттай қарастыруға беріп  те қатысу мүмкіндіктеріне ие болды. 

Онлайн режимде 15 педагогтің 8-і және 5 студент тікелей қатысып үштілді білім беруді енгізу бойынша өз тәжиребесімен бөлісті.

Ережеге сәйкес, жалпы ұпайлар саны бойынша үздік баяндамалар анықталып, келесі қатысушылар ҚО ББД ОӘО 1-3 дәрежелі дипломдарымен марапатталды:

Студенттер арасында:

1 орын – Мауратқызы Жансая, «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ студенті, «Электрондық  оқулық арқылы бастауыш сынып оқушыларының  тілдік құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбымен, жетекшісі - Абильдина Бекзат  Куатовна;

2 орын – Әлкен Алтынай Жомартқызы,  «Жезқазған гуманитарлық колледж» ҚМҚК студенті,  «Мектепке дейінгі ұйымда үштілділікті дамыту» тақырыбымен, жетекшісі Трахпанова Гульмира Рахимжановна;

3 орын – Идирисова Арайлым Ильясовна, «Жезқазған гуманитарлық колледж» ҚМҚК студенті, «Бастауыш сынып оқушыларына білім берудегі үштілділік» тақырыбымен, жетекшісі – Заббаров Рустам.

Педагогтер арасында:

1 орын – Абдрахманова Светлана Владимировна, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ оқытушысы, «Web – бағдарламалау» пәні бойынша сабақ үлгісінде үштілді оқыту жағдайында модульдік білім беру процесінде бұлтты технологияларды қолдану» тақырыбымен;

2 орын – Кузьмина Ксения Геннадьевна, «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжі» ЖММ оқытушысы, «Оқытушының педагогикалық қызметінде "JIGSAW PLANET" электрондық ресурсын пайдалану» тақырыбымен;

3 орын – Ильяшова Бакытгуль Файзуллиновна, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ оқытушысы, «Болашақ тәрбиешіліердің тілдік құзіреттілігін арттырудың ерекшелігі» тақырыбымен;

3 орын – Сұлтанова Бибінұр Боранбайқызы, «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі»ЖММ оқытушысы, «Арнайы пәндерді оқытуда ағылшын тілін пайдаланудың тиімділігі» тақырыбымен.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.