Размер шрифта:
«Поэзия өлмес әуендері» атты Абай шығармашылығына арналған облыстық әдеби қонақ бөлмесі сайысы
02-04-2021 16:00
«Поэзия өлмес әуендері» атты Абай шығармашылығына арналған облыстық әдеби қонақ бөлмесі сайысы

2021 жылдың 2 сәуірінде үштілді білім беру апталығы аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғарғы гуманитарлы-техникалық колледжі ұйымдастыруымен үш тілді білім беруді енгізу жобасын жүзеге асыратын колледждердің   1-3 курс студенттері арасындағы «Поэзия өлмес әуендері» атты Абай шығармашылығына арналған облыстық әдеби қонақ бөлмесі сайысы өтті. 

Сайыс үш кезеңнен тұрды:

1 кезең: «Kahoot» платформасында орыс тіліндегі Абай өмірбаяны бойынша интерактивті викторина;

2 кезең: Абай өлеңдерін ағылшын тілінде мәнерлеп жатқа оқу;

3 кезең: қазақ тілінде Абай ұрпақтарының хаты.

Жалпы ұпайлар саны бойынша сайыс қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Байсекулова Асель, «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» студенті, жетекшілері - Жолкенова Гулзада Жолкеновна, Каримова Назерке Кайырбековна, Мухамеджанова Алия Сабыржановна;

2 орын - Аманбекова Акнур, «Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшілері - Ким Ольга Александровна, Халиаллина Ботагоз Габдулаевна;

2 орын - Аманбай Аскар, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғарғы гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі -Линевич Валерия Денисовна;

3 орын - Толеутай Меруерт, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі - Есмагамбетова Куралай Саукымбековна;

3 орын - Жандосова Дарина, «Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі -  Бижанова Арай Галиевна.

Барлық қатысушылар 1,2 және 3 дәрежелі дипломдармен, ал олардың жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталды.