Әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттардың директорлары, директорлардың орынбасарларына арналған кеңес
02-04-2021 17:34
Әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттардың директорлары, директорлардың орынбасарларына арналған кеңес

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 02 сәуірінде әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттардың директорлары мен директорлардың орынбасарларына арналған кезекті кеңесін өткізді.

Кеңесте келесі сұрақтар қарастырылды:

1. Оқушылардың білім сапасын көтеру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

2. Білім беру ұйымдарында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру;

3. Балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушыларды даярлау бағдарламасы бойынша педагогтерді оқыту туралы;

4. Көктемгі мектептің жұмысы туралы.

Қатысушылар саны 71 адамды құрады.