Размер шрифта:
Сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың заманауи тәсілдері
02-04-2021 11:23
Сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың заманауи тәсілдері

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығы Саран қаласының «№ 17 мектеп – гимназиясы» КММ-мен бірлесіп, 2021 жылғы 2 сәуірде ZOOM платформасы арқылы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың заманауи тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта  бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін тарату.

Семинар барысында функционалдық сауаттылықты дамытудың практикалық аспектілері, Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды жасау ерекшеліктері қарастырылды, қашықтықтан және дәстүрлі сабақ барысында пайдалануға болатын білім берудің интернет - ресурстары мен онлайн-сервистеріне шолу жасалды. Кері байланыс Google формасы арқылы жүргізілді. Рефлексия қорытындысы бойынша семинар мұғалімдер тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Онлайн-семинарға ZOOM платформасы арқылы Қарағанды облысы мектептерінің 100 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты, сондай-ақ You Tube арнасында көруге 155 мұғалім қатысты.