2015 жылдың 22 қазанында Теміртау мемлекеттік индустриалды-техникалық университетінің «Мирас» көп салалы колледжінде «Толеранттылық – және ынтымақтастық мемлекетті дамытудың жолы» тақырыбында тарих және жалпы пәндер оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы ұйымдастырылды.
Отырысқа Қарағанды облысы колледждерінен тарих және жалпы пәндерді оқытатын 29 оқытушы қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар «Мәңгілік ел» идеясы негізінде Қазақстандық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды мәселелерін талқылады.
Отырысты алғы сөзбен колледж құрлытайшысы Урываев Сергей Васильевич пен Теміртау көп салалы «Мирас» колледжінің директоры Шалабаева Светлана Саиновна ашты.
Іс шараның тақырыбына сәйкес Теміртау көп салалы «Мирас» колледжінің оқытушылары Жвирблене Татьяна Владимировна, Жанабергенова Динара Кенесовна, Майкенова Айнур Рашидовна баяндама жасады.
Отырыс соңында оқытушыларға ашық сабақтар байқауын өткізу, бағалау өлшемдерін анықтау, материалдар жинағын шығару туралы ұсыныстар жасалды.