2021 жылғы 6 сәуірде «Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК және Қарағанды қ. «№1 Балалар музыка мектебі» КМҚК Фердинандо Каруллидің туғанына 250 жыл толуына орай БММ, БӨМ оқушылары, өнер колледжінің студенттері арасында алты ішекті гитараға арналған классикалық этюдтердің жыл сайынғы фестиваль-байқауы шеңберінде вебинар өткізді.
Вебинарда Қарағанды қаласы №1 Балалар музыка мектебінің орыс халық аспаптары кафедрасы гитара сыныбының педагогтері сөз сөйледі, олар әртүрлі жас санатындағы оқушыларды БММ және БӨМ оқушылары арасында алты ішекті гитараға арналған классикалық этюдтердің аймақтық фестиваль-байқауына дайындау бойынша әдістемелік кеңестерін ұсынды. Шакенов Владимир Жунусович, Тулупкин Юрий Александрович, Шамеева Карина Болатовна, Мукушева Фатима Мейрамовна, Русаков Денис Евгеньевич, Дубровский Вячеслав Валериевич, сонымен қатар, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі эстрадалық, үрмелі және соқпалы аспаптар кафедрасының меңгерушісі Дмитрий Алимович Файзурахманов және Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің оқытушысы Калуда Дмитрий Анатольевич жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Вебинарға Қарағанды облысының қосымша білім беру ұйымдарынан 42 педагог қатысты.