Размер шрифта:
«Шағын кәсіпкерліктегі жастар» Бизнес-идеялар байқауы
08-04-2021 09:18
«Шағын кәсіпкерліктегі жастар» Бизнес-идеялар байқауы

2021 жылдың 8 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында КЕАҚ КарТУ Инновациялық технологиялар колледжі, Қарағанды қаласының білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығымен бірге «Шағын кәсіпкерліктегі жастар» атты аймақтық бизнес-идеялар байқауын ұйымдастырып өткізді.

Бұл байқауға Қарағанды облысы бойынша 32 колледжт қатысып, 64 жоба жарияланды. Байқау 2 кезеңде өтті. Әділқазылардың шешімі бойынша 2-кезеңге ең үздік деген 20 жоба өтті.

Байқауға қатысқан студенттердің бизнес-жобалары «Ақылды жылыжай» құрудан бастап, шыны талшықтан жасалған қайықтар, картоннан жасалған жиһаздар, кептірілген жемістер өндірісі және «Ұлытауға Саяхат» атты экскурсиялық бюро жобасын құруға дейінгі әр түрлі деңгедегі жобалар қарастырылып, талқыланды.

Барлық жобалар ZOOM платформасында онлайн түрінде қорғалды.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындардың иелері анықталды:

1 орын - Абдулла Сая Ғалымқызы «Horse and nature «Жылқы және табиғат (аттарды жалға беру)» жобасымен, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжі;

2 орын - Тілекқызы Мадина «Мобильді сұлулық салоны» жобасымен, Қарағанды «Болашақ» жоғары колледжі» ЖММ;

3 орын - Егор Власенко «Ақылды жылыжай» жобасымен, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК.

Байқау соңында жеңімпаздар дипломдармен, студенттердің жұмыстарының жетекшілері Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының алғыс хаттарымен марапатталды. Байқауға қатысушылардың барлығына сертификаттар табыс етілді.