Әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттардың директорлары, директорлардың орынбасарларына арналған кеңес
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 9 сәуірінде әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттардың директорлары мен директорлардың орынбасарларына арналған кезекті кеңесін өткізді.
Кеңесте келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Қарағанды қаласы Октябрь ауданының білім беру ұйымдарында оқушылардың білім сапасын көтеру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
2. №3 «Білім-Инновация» лицей-интернаты оқушыларының білім сапасын көтеру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
3. №2 «Білім-Инновация» лицей-интернатында «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру;
Қатысушылар саны 67 адамды құрады.