Қарағанды облысының педагог-психологтарына арналған проблемалық семинарлар
2021 жылдың 08, 09 сәуірде кәмелет жасына толмағандар арасында суицидтің алдын алу бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім беру ұйымдарының педагог-психологтары үшін қазақ және орыс тілдерінде проблемалық семинарлар өткізілді.
Семинар спикері Айдарова Асель Бахтияровна, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК психологы.
Семинар барысында кәмелет жасына толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Семинарға жалпы білім беретін мектептер мен облыстық білім беру ұйымдарының педагог-психологтары қатысты.