Мектеп кітапханашыларының кеңесі
2021 жылдың 09 сәуірінде Қарағанды қаласы мектеп кітапханашыларының «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыруы бойынша онлайн-кеңесі өтті.
Кеңеске қатысушылар: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының және Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп кітапханашылары.
Кеңеске қатысушылармен «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру, жоба аясында мектеп кітапханашыларын оқыту, кітапханашылар Форумын өткізуге дайындық туралы мәселелер талқыланды.





umc-ro@umckrg.gov.kz



