Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, білім және ғылым жүйесін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және ЕАЭО елдерінің үздік тәжірибелеріне жақындату үшін дамытуға бағытталған, дуалды оқытуды енгізу шеңберінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі 2021 жылдың 9 сәуірінде «Модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде білікті мамандарды даярлаудың мәселелері мен перспективалары» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференция қатысушылары: Қарағанды облысы колледждерінің және Минск мемлекеттік энергетикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары мен студенттері, әлеуметтік серіктестер.
Конференция ZOOM платформасын қолдана отырып, келесі бағыттар бойынша өтті:
- Модульдік және дуалды оқыту жүйесінің тиімділігі;
- Дуалды оқыту жүйесін ақпараттандыру;
- Модульдік-құзыреттілік тәсіл маманды кәсіби даярлаудың негізі ретінде.
Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс хаттар және сертификаттар табысталды.